2021-2022 оқу жылының жоспарына түсініктеме хат.
Білім беру тілі – мемлекеттік және орыс тілі. Оқу процесін ұйымдастыруда жеке пән бойынша мұғалімдердің құрастырған бағдарламаларына , ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының бекітуіне сәйкес жасалып отыр.
Теория пәніне сольфеджио, қазақ музыка әдебиеті, орыс музыка әдебиеті және музыкалық сауат ашу кіргізілген. Құрастырылған бағдарламалар 7 жылдық оқу курсына арналған. Бағдарламаның негізіне музыка мектебіне арналған сольфеджио оқулығы алынған. Сабақ аптасына 2 рет 45 минуттан өткізіледі. Барлығы жылына 68 сағат. Әрбір сыныпта аптасына 2 сағатты құрайды. Әлем музыка әдебиеті, қазақ музыка әдебиеті мен музыкалық сауат ашу аптасына 1 рет 45 минуттан.
Мектепте оқушылар 2012 жылдан 7 жылдық оқу мерзіміне барлық мамандықтар бойынша қабылданып отыр. Фортепиано, қобыз, скрипка, домбыра – тенор, домра – прима, саксафон, эстрада, баян, әншілік дәстүрі, вокал, шертер, кларнет, валторна кластарына арналған бағдарламада 7 жылдық, кіші және жоғары кластарына бөлінеді. Аптасына 2 рет 45 минуттан.
Концертмейстерлік сағаттар аптасына әр оқушыға 0,5 сағатпен беріледі. Олар қобыз, скрипка, домбыра – тенор, домра – прима, саксафон, вокал, шертер кластарына. Сонымен қатар ұжымдық сүйемелдеу (оркестр, хор, ансамбль) аптасына 2 рет 45 минуттан өткізіледі.
Аспаптық бағытпен қатар, хореография - онда классика, халықтық би, қазіргі заманғы биі , теория, ырғақ және би қазақ биі. Бейнелеу өнерінде - сурет, композиция, кескіндеме, мүсін, пленэр өткізіледі. 2016ж ақпан айынан бастап айтыс өнері класы ашылды, ол жеке сабақтар мен қатар ұжымдық сабақтары жүргізіледі. Олар - поэзия мәдениеті, поэзия тарихы, поэзия теориясы. Таңдаулы аспап мектептің әкімшілігімен қарастырылып беріледі.