Балалар музыка мектебі 1976 жылы ашылды. Алғашқы мектеп директоры Гильдебрант Григорий Григорьевич болды. Бірінші жылдары баян және фортепиано сыныптары ашылып, онда жас мұғалімдер И.Р.Кетлер, К.А.Александрова, В.А.Варкентин, А.П.Медведев қызмет етті. 1977 жылы аккордеон және скрипка сыныптары ашылып, мұнда А.К.Яблуновский мен Л.С.Полегонько еңбек жолдарын бастап, осы өнер ордасынан зейнетке шықты. 1980 жылы домбыра сыныбы ұйымдастырылды, оның алғашқы ұстазы Д.Қ. Құрманғалиева. 1993-2009 жж аралығында директорлық қызыметінде болды. Қазіргі таңда зейнет жасындағы ардагер ұстазымыз.
2010 жылдың сәуір айынан 2016 жылдың наурыз айы аралығында директор қызметін М.Ж.Ысқақов атқарды. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызымет әкімшілігінде жұмыс жасауда.2016 жылы наурыз айынан мектеп басшысы болып Ж.Қ.Ильясова тағайындалды.
Гильдебрант Григорий Григорьевич 1976-1992 жж аралығында директор директор қызметін атқарды |
Құрманғалиева Дина Құрманғалиқызы 1993-2009 жж аралығында қызметін атқарды |
Ильясова Жанар Қорғанбекқызы Ысқақов Медет Жұмабайұлы
2016 ж бастап директор 2010-2016 жж аралығында
директор қызметін атқаруда қызметін атқарды
ҚР 2001 жылғы 24.07.01 №1000 бұйрығы бойынша мектептің атауын «өнер мектебі» деп өзгертіп, Қамбар Медетов атына ие болды.
2007 жылдан бері Қаратоғай, Қаратаусай, Сарыжар, Саржансай , Қазан филиалдары ашылды
Мектеп әкімшілігі
Мектепте көптеген жаңа сыныптар ашылды: қобыз, терме, үрмелі аспаптар, эстрада, хороеография, прима, шертер, бейнелеу өнері, айтыс өнері, актерлік шебер өнері. Сонымен қатар қазақ ұлт аспаптар және эстрадо – симфониялық оркестрлері, домбыра, баян, қобыз,эстрада, скрипка ансамбльдері құрылды.
Қазақ ұлт аспаптар оркестрі
Эстрада симфониялық оркестрі
Хор ұжымы
«Қарлығаш» би тобы
Домбырашылар ансамблі
Скрипкашылар ансамблі
Баян ансамблі
Қобызшылар ансамблі
1981жылы мектепті алғаш рет 14 түлек бітіріп шықты. Содан бері 400-ге жуық түлектер бітіріп, олардың ішінде музыка жолдарын таңдағандар да аз емес.
Қазіргі таңда А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжде фортепиано мамандықтарында Имашева А, Нұрслан І, Сторожева А, саксофон мамандығында Кожемякин А, қобыз мамандығында Мукашева Д, теория мамандығында Файзуллаев Б, аккордеон мамандығында Жиенбаева Айгерім, баян аспабында Белый С, скрипка мамандығында Утегенова А, домбыра мамандықтарында Табанова Н, Адилова А, ұйымдастырушы мамандықтарында Кеңесбай С, Алматбай Ә, Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде ұйымдастырушы мұғалімі мамандықтарында Жұманиязова Қ, Мұхамбетова А, музыка пәні мамандығында Ильясова А, Орынбор қаласындағы Растрапович атындағы музыкалық колледжде труба мамандығында Бартельс Г,
Ақтөбе «Тарлан» көпсалалы колледжде актерлік өнер мамандығында Сәндібек А, және дизайнерлік мамандықта Петлюх В, арнайы білім алуда.
Астана қаласында Ұлттық өнер университетінде айтыс өнері мамандығында Мұханов Ж, Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваторияда вокал мамандығында Сағитжанұлы О, қобыз мамандығында Бисембаева Н, домбыра мамандығында Әзірбаев Ш, Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетте дәстүрлі ән мамандығында Балмұхан Б, Магнитогорск Мемлекеттік Консерваториясының магистратурасында Молочлы Ю.В. жоғары білімін жалғастыруда.
Ақтөбе қаласында балет мектебінде хореография мамандығында Мұратова С, Алматы қаласындағы Селезнев атындағы хороеография училищесінде Назмутдинова А, Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ музыка мектеп интернатында Абдикадиров Н, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шабыт» дарынды балалар өнер мектебінде білімдерін жалғастыруда.
Мұғалімдер арасында да түлектер бар, олар Иваницкая И.В., Каспакова М.Ж. Петлюх И.Н., Нетребко Н.В, Мусина Л.А.,Өтебай Т.Т., Башанова Н.Р., Камзина А.Ж, Сейилханова Г.Ж, Ильясова А.С. Мектептің түлегі Е. Кенжалиев алғашқы еңбек жолын да осы мектептен бастаған. Қазір Ақтөбе қаласында Өнер орталығының директор қызыметінде.
Г.Әділханова өнер орталығында жұмыс жасаса, Ә.Камзина оқушылар шығармашылық үйінде жұмыс жасайды. Амантурлиева Ж ,Аягөз музыкалық мектебінде, Нурадинова А, жергілікті Мәдениет үйінде. Күндебаев П, Рудченко Д, Коваленко К, Өнер орталығында, Сарсенова М, саз мұғалімі, Амиров Ж, музыка жетекшісі, Кульчарова Д, Орал қаласында, Утегенова А. жергілікті Мәдениет үйінде еңбек жолдарын жалғастыруда.
Қазіргі уақытта мектепте 38 мұғалім жұмыс жасайды. 28 мұғалім жоғары білімді, 10 арнайы орта білімі бар. 4 сырттай оқу орнында оқиды. Жоғары категория – 10, І категория – 5, ІІ категория – 6мұғалім. Мұғалімдер қатарында «Қазақ елінің үздік ұстазы», «Үздік тәлімгер», «Үздік педагог» төс белгілерінің, «Үздік ұстаз», «Үздік сүйемелдеуші», «Үздік маман» мадақтамаларының иегерлері.
2018 жылғы «Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы» ұйымдастырған «Премия - 2018» байқауының «Үздік білім беру мекемесі».
«Белсенді қатысушы мекеме ұжымы».
Қазіргі таңда 500 жуық оқушылар білім алады.
Мектеп ұжымы және оқушылар аудандық, облыстық, шараларға белсене қатысады, сонымен қатар Республикалық, Халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
45жыл – бұл Қ.Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінің шығармашылық жетістіктерінің бастамасы, алдағы уақыттарда әлі де биік шыңдардан көрініп, үлкен жетістіктерге жетеміз деген сенімдеміз.
Детская школа искусств им. К.Медетова
Музыкальная школа была открыта в 1976 году. Её первым директором был Гильдебрант Григорий Григорьевич. Первые годы в школе функционировал класс баяна и фортепиано, в то время преподавали молодые учителя Кетлер И.Р., Александрова К.А., Варкентин В.А. и Медведев А.П. В 1977 году был открыт класс скрипки и аккордеона, с этого года свою трудовую деятельность начали преподаватели Полегонько Л.С. и Яблуновский А.К. А в 1980г. открыла и преподавала класс домбры Курмангалиева Д.К. С1993 по 2010 год она была директором, а с апреля 2010 года по 2016 год был директором Искаков М.Ж. С 2016 года директором является Ильясова Ж.К. По приказу № 1000 от 27.07.2001 года музыкальная школа была переименована на «школу искусств» им. Камбара Медетова. С 2007 года были открытый филиалы в Каратогае, Каратаусае, Хлебодаровке, Саржансае и Казанке.
На протяжение многих лет были открыты классы хореографии, пение на домбре, духовые, кобыз, прима, эстрада, айтыс, актерское искусство, саз сырнай, жетыген, художественное искусство.
На данное время в школе работают 38 учителей. Высшее образование имеют – 28 учителей, 10 учителей – среднее специальное. Высшую категорию имеет – 10, І – 5, ІІ – 6.
В школе функционирует 6 отделении. Казахские народные инструменты, классическое, духовое, вокальное, хореографическое, художественное.
Педагогический коллектив школы работает над повышением профессионализма мастерства и новыми инновационными методами работы. С этой целью работает методическое объеденение, где учителя дают открытые уроки, семинары, читают доклады и проводят декады каждого отделения.
Преподаватели и ученики школы активно участвуют в разных мероприятиях и в международных, республиканских и областных конкурсах.
Школа выпустила более 400 выпускников, которые выбрали и связали себя с музыкой. Сейчас в школе учатся 504 ученика.
45 лет - это лишь начало творческой зрелости учебного заведения, точнее, завершение его предистории. За эти годы заложен крепкий и основательный фундамент, на котором обязательно вырастет прекрасный храм музыки, где учащиеся будущего приобретут профессиональное мастерство под руководством опытных и зрелых преподавателей, став настоящими специалистами – исполнителями и музыковедами. И коллектив школы не сомневается в том, что впереди – новые творческие достижения и свершения.