24 Мамыр 2022
Жаңалықтар

«Жас жұлдыз-2022»

23-сәуір күні Балалар жылы және КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, кеңестің және қазақтың опера,эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Жас жұлдыз-2022» І облыстық ән байқауы өткізілді.

Конкурста Қамбар Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінің директоры Ж.К.Ильясова, ҚР мәдениет саласының үздігі, Ғ.Жұбанова ат. Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хор ұжымының әртісі Б.Т.Тулешева, Ақтөбе облысының «Өнер саласының үздігі», Ғ.Жұбанова ат.Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хор ұжымының әртісі, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің “Мәдениет және саз” бөлімінің оқытушысы Серік Жұбатқан төрелік етті.

Қ.Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен 5 пен 17 жас аралығындағы жеке әншілер мен топтық орындаушыларды қамтыған балалар ән байқауына облыстан 150 үміткер қатысты.Олар еркін тақырыптағы әндерді табиғи дауыста орындады.

Байқау қорытындысы бойынша жеке орындаушылар арасында «Бүлдіршіндер тобы» Тойлан Гүлзейнеп-Сарыжар мәдениет үйі,«Кіші топ» Жалмуханова Еркеназ-«Геолог» мәдениетүйі,«Ересек топ» Қойшан Айжан-Қ.Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінен «Бас жүлде» иеленсе, хор ұжымдары арасында «Кіші топ» Қ.Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінің балалар хоры,«Орта топ» Ақтөбе гуманитарлық колледжі Студенттік хоры,«Ересек топ» бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Студенттік аралас хоры «Бас жүлдеге» ие болды.

Байқауға қатысушылары арнайы дипломдармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар мен барлық өнерпаздарға алғысымыз шексіз.

 

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны

Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар